Арқалықта ақбөкеннің етін сатып жүрген тұрғын сотталды
Мемлекетке келтірілген залал 21 млн теңгеден асады
Арқалық қаласының прокуратурасы талдау барысында қала тұрғынының қала аумағында ақбөкен етін бірнеше рет заңсыз сатқанын анықтады.
Ақбөкендердің популяциясын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасында оларды тіршілік ету ортасынан ажыратуға, олардың бөліктері мен дериваттарын (мүйіз, қан және т.б.) алуға тыйым салынады.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Осы сәтте ер адамнан ақбөкеннің 5 ұшасының еті тәркіленді. Мемлекетке келтірілген залал 21 млн теңгеден асты.