Қайрат Сатыбалдының иелігіндегі 9 қабатты ғимарат университетке берілді
Активтерді қайтару жұмысы әлі жалғасып жатыр
Биыл жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 миллиард теңгені өтеді.
Елордада құны 5 млрд теңгеден асатын үш зәулім сарай Астана қаласы әкімдігінің мүгедек балаларға арналған «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-не берілді. Бұл білім беру жағдайларын едәуір жақсартуға және шығармашылық бастамалардың дамуын қолдауға мүмкіндік береді.
Халықаралық ынтымақтастық маңызды рөл атқаратындықтан Австрия, Франция, Лихтенштейн, Әмірліктер, Түркия, Ресей және басқа елдерден Қазақстанға ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік және зергерлік бұйымдар түріндегі активтер қайтарылды.
Атап айтқанда, Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қайтарылған активтердің жалпы сомасы 732,8 млрд теңгені қамтиды.
Олар:
- «Қазақтелеком» АҚ акцияларының 28,8%-ы – 93,8 млрд тг;
- «КСО» АҚ – 30,2 млрд тг;
- 4 компаниядағы қатысу үлесі – 10,3 млрд тг;
- Қазақстандағы мүліктік активтер – 158,5 млрд тг;
- Эксклюзивті зергерлік бұйымдар – 105,39 млрд тг (230 млн доллар);
- Қазақстандық шоттардағы ақша – 36,8 млрд тг;
- Австриядан келген ақша – 36,8 млрд тг (82,1 млн доллар);
- Лихтенштейннен түскен ақша – 116,7 млрд тг (260,5 млн доллар);
- БАӘ-ден келген ақша – 6,3 млрд тг (14 млн доллар);
- Түркиядан келген ақша – 2,2 млрд тг (4,92 млн доллар);
- Бағалы қағаздарды сату – 135,8 млрд тг (300 млн доллар).
Бұдан бөлек, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін сотталған Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-вице-министрі Т. Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекет пайдасына Қостанай облысындағы құны 5,6 трлн теңгеден асатын никель мен кобальттың ірі қорлары бар бірегей «Шевченковское» кен орны берілді.
Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.