Бұқара

FlyArystan рейстен қалдырып кеткен кішкентай қыздың ата-анасына 4 млн теңге ұсынған

Күйеуім екеумізде бірнеше бизнес бар, олардан ақша алғысы келетін адамдар емеспіз, - дейді анасы

FlyArystan әуе компаниясы 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлады. 

Атап айтқанда, 20 шілдеде Жазира Мусина Instagram-да өзінің қыздары – 12 жастағы егіздер Зере мен Зауре Ғалиевалар Америкадан Қазақстанға кері қайтқанын айтты. Олар тіл мектебінің ұйымдастырылған тобы құрамында Астана арқылы Оралға оқу орнының сенімді адамының сүйемелдеуімен ұшқан.

Тіркеу кезінде қазақстандық FlyArystan әуе тасымалдаушысы қызметкерлері Заурені тіркеп, Зерені тіркемеген. Мұның себебі техникалық ақауларға байланысты деп түсіндірілді және мәселе шешілген соң қыз міндетті түрде бортқа отырғызылатынын айтқан. Алайда оқиға бағыты күрт өзгеріп, күтпеген жағдай орын болды.

Анасы балалардың барлық құжаттары дұрыс болғанын алға тартып, FlyArystan қызметкерлері баланы ұшаққа овербукингке байланысты кіргізбеді деп күдіктенеді.

Қызға қонақ үйде тұра тұру ұсынылған, бірақ әуе компаниясының қызметкерлері оның заңды алып жүретін ересек адамы жоқтығын ескермеген. Бұл жағдайда ол жалғыз түней алмайды. Кейінірек әуежай қызметкерлері анасына қызының қабылдау бөлмесінде 3 сағат бойы жылағанын айқындайтын бейнероликті көрсеткен. Бұл туралы анасы бұрын да білген, себебі үнемі қызымен ұялы телефон арқылы сөйлескен. Сондай-ақ әйел баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірден құқық қорғау органдарына жүгінген. Ол бейнероликті сақтаған әуежай қызметкерлеріне риза. Бұл кейінірек отбасы үшін қажет болуы мүмкін.

Taspanews.kz тілшісіне Жазира Мусина қазір әуе компаниясының өкілдерімен сөйлесіп жатқанын айтқан. Алдымен Flyarystan Instagram-дағы жазбасына комментарий қалдырып, тексеріс жүргізуге уәде берген. Ал кейінірек компания өкілдері әйелге қоңырау шалып, моральдық залал үшін 4 миллион теңге өтемақы ұсынған. Алайда әйел ол ұсыныстан бас тартып отыр.

Әйел бұл оқиға резонанс тудырғанша, ешкімнің кешірім сұрамағанын және бұл үшін оларда уақыт жеткілікті болғанын атап өтті. Стористе ол әуе компаниясы жіберген ресми хатты, сондай-ақ өз адвокатының жауабын жариялады. Тіл мектебі де жарияланымда белгіленді.

Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, кінә толығымен еріп жүретін адамға жалған ақпарат берген әуе компаниясының мойнында. Оның қызметкерлері техникалық қателік пайда болғанын айтып, қызды ұшақ бортына өздері алып келетініне сендіріп, топ басшысынан гейтке жақындауын сұраған. Топ жетекшісі олардың нұсқауларын орындады. Ұшаққа отырғызу басталды, бірақ баланы ешкім ертіп келмеген. Осыдан кейін әуе компаниясының қызметкері қыздың ұшақ бортында екеніне сендіріп, топ басшысына бортқа шығуды ұсынды. Топ жетекшісі баланың орнында екеніне көз жеткізу үшін әуе ұшағына кірген, бірақ оны таппаған, сондықтан сыртқа шығуға тырысқан. Алайда қауіпсіздік қызметі мен стюардессалар оған жол бермеді. Осылайша еріп жүруші Зересіз ұшып кетті.

Анасы техникалық ақау болғанына сенбейді. Оның айтуынша, егер қателік болса, олар екі қызды да бортқа отырғызбас еді. Бұл жағдайда оның да жүрегі тыныш болар еді. Зере мен Зауре екеуі бір-біріне сүйеу бола алады, олар бірнеше рет шетелге ұшқан. Бірақ бұл жолы әуежайда егіздердің ең мінезі жұмсағы қалып қойған. Анасы тіл мектебінің балаларды ертіп жүрген ересек қызметкеріне де наразылығын білдірді. Топта барлығы 20 адам болды, ал 19 адам ғана бортқа шыққан. Ал жетекшінің айтуынша, ол әуе компаниясының қызметкерлері уәдесін орындамағанын түсінген кезде ұшақтан түсуге тырысқан, бірақ оған мүмкіндік берілмеген. Алайда егіз қыздың отбасы бұл сылтауларға сенбейді.