Бұқара

Биыл мектеп формасы былтырғыдан да қымбат

Әр балаға мектепке дайындыққа кемінде 100 мың теңгеден кетеді

Статистикаға сәйкес, ТМД елдерінің арасында ең қымбат форма Қазақстанда сатылады. Биыл тағы да баға 15-20 пайыз қымбаттаған, деп хабарлады nege.kz.

2024 жылы ұл балалардың формасы 65 мың, қыздардікі 75 мың теңгеге шыққан. Қазірден-ақ жаңа оқу жылына дайындыққа кіріскен ата-аналар биыл әр балаға мектепке дайындыққа кемінде 100 мың теңгеден кеткендігін айтып отыр.

Елімізге мектеп формалары көбіне Түркия, Қытай, Қырғызстаннан жеткізіледі. Сапасы мен өндірушісіне қарай баға әртүрлі. Бірақ былтырғы құн жоқ. Сатушылардың айтуынша, бұл мәселе саудагерлерге байланысты емес. Фабрикалар мен жол шығыны бағаларды шамамен 15-20 пайыз көтерген.

ТМД елдері бойынша мектеп формасы ең арзан ел – Әзербайжан. Онда форма бастан-аяқ 11 200 теңгеге шығады. Тәжікстанда – 15 700 теңге. Арменияда оқушы киімі – 22 мың, Қырғызстанда – 33 мың теңге.