Әмиян

Еліміздегі электр энергиясы 32% қымбаттады

Ұлытау облысында ғана тариф 2023 жылғы маусым деңгейінде қалды

Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда 60 млрд кВт·сағ электр энергиясы өндірілген. Бұл – былтырғымен салыстырғанда, 3,9% артық көрсеткіш.

Өңірлік бөліністе электр энергиясының көп бөлігі Павлодар облысында өндірілді: 24,8 млрд кВт·сағ, жылдық өсім – 2%. Алдыңғы қатардағы өңірлердің үштігіне Қарағанды (6,3 млрд кВт·сағ, жылына 1,1% қосымша) және Атырау (4,1 млрд кВт·сағ, 6,1% қосымша) облыстары кірді.

Маусымның қорытындысы бойынша, Қазақстан тұрғындары үшін электр энергиясы бір айда 0,2% және бір жылда 31,7% қымбаттаған. Айта кететін жайт, БҚО-да тарифтер 7,9% өссе, басқа өңірлерде өткен ай деңгейінде қалды.

Айта кетсек, республика бойынша орташа есеппен азаматтарға электр энергиясының бағасы бірінші деңгей – 100 кВт·үшін 2,1 мың теңге, екінші деңгей үшін 2,8 мың теңге, тұтынудың үшінші деңгейі үшін 3,5 мың теңге болды.