Мемлекеттік сатып алу: шағын және орта кәсіпкерлерге қатысты бұйрық дайындалды
Олардың құны 50 мың АЕК-тен (184 млн 600 мың теңге) аспауға тиіс
Қаржы министрлігі «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен іске асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін, мемлекеттік сатып алу тәртібі мен көлемін бекіту туралы» бұйрықтың жобасын дайындады.
Жоба «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 27-бабы 7-тармағын іске асыру үшін әзірленген.
Тізімге мыналар кірді:
- тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу тізіліміне енгізілген тауарлар;
- құрылысқа байланысты емес жұмыстар;
- қызметтер.
Аталған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің құны 50 мың АЕК-тен (2024 жылы 184 млн 600 мың теңге) аспауға тиіс.
Тізбені 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдану жоспарланып отыр.
Әзірлеушілердің пікірінше, құжатты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржы бөлуді талап етпейді.
Жоба 2024 жылғы 16 тамызға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА порталына орналастырылған.