Бұқара

Елімізде 13 мыңнан аса адам банкрот деп танылды

Орындалмаған міндеттемелердің жалпы сомасы – 3,3 млрд доллар

Биыл елімізде 43 млрд теңге қарызы бар 13 мыңнан аса қазақтандық банкрот деп танылды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

2024 жылғы 6 айда мемлекеттік бюджетке 8,9 трлн теңге түскен.

Биыл 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларды жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде 1 млн-нан аса есеп түсті. Оның барысында бизнес-құрылымдар «кіру» декларациясын тапсырады.

Сондай-ақ экспорттық-импорттық операциялар бойынша валюталық бақылау функциясының бір бөлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне берілді. Бірінші жартыжылдықта құқық қорғау органдарына тергеу үшін 335 материал (орындалмаған міндеттемелердің жалпы сомасы – 3,3 млрд доллар) жіберілді.