Астанада оқушылар мен жеңілдігі бар азаматтар автобуста көлік картасынсыз жүре алады
Виртуалды карта пайда болады
СТS компаниясының мәліметінше, алдағы уақытта елордада оқушылар мен жеңілдігі бар азаматтар үшін виртуалды жол жүру картасы енгізіледі.
Виртуалды картаны шығару және рәсімдеу онлайн жүргізіледі.
Виртуалды карталарды рәсімдеу және пайдалану тәртібі, сондай-ақ жобаны іске қосу мерзімі туралы толық ақпарат CTS компаниясының ресми сайтында және әлеуметтік желіде жарияланады.