Әмиян

«Ұлттық қор – балаларға»: 13 мың жасөспірім ақшаларын шешіп алды

Биыл ол қаражатты пайдалануға 16,6 мың өтінім түскен

Биыл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша шотына түскен қаражатты пайдалануға 16,6 мың өтінім түскен.

Еске сала кетсек, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша төлемдер биыл ақпан айында басталған болатын. Сол сәттен бастап 6,9 млн баланың шотына 100,05 доллардан аударым жүргізілді.

Жоба жастардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім беру ақысын төлеуге бағытталған. Ал биыл сол қаражатты пайдалануға 16,6 мың өтінім берілді десек, қазір соның 13 мыңы орындалып отыр.

Орындалған өтінімдердің жалпы сомасы – 1,3 млн доллар. Енді осыдан кейінгі қаражат 2025 жылдың ақпан айында есептеледі. Бұл балалар мен олардың отбасына қосымша қолдауды қамтамасыз етеді.