«Қазақтарды қалай басқару керек» кітабы сатылымнан алынып тасталды
Қазір ешбір жерде бұл кітап сатылымда жоқ
Бұл туралы AmalBooks баспасының негізін қалаушы, баспагер Бақытжан Бұқарбай өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.
Сонда келушілердің пікірін, кері байланысын тыңдап отырсақ, оларға ұнамағаны мұқаба болып тұр. Бірден кітаптың мазмұнын түсінбей қаласың дейді. «Мына жазылған, сен айтып отырған нәрселер дұрыс та шығар, бірақ мына мұқаба соны ашпайды, сондықтан осындай реакциямыз болып жатыр» деді. Сондықтан біз бүгін бүкіл сату нүктелерінен бұл кітапты түгел алып тастадық. Қазір ешбір жерде бұл кітап сатылымда жоқ», - деді баспагер Бақытжан Бұқарбай.