Табыс

Ел билігі ТМД бойынша алғаш рет шетелден қаржы пирамидасындағы ақшаны қайтарды

Енді оны жәбірленушілерге таратып береді

Қазақстан ТМД аумағында бірінші болып криптоактивтер арқылы қаржы пирамидасына заңсыз тартылған 250 млн теңгені шетелден қайтарып алды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттік мамандары заманауи IT-құралдарды пайдалана отырып, 2,5 айдың ішінде қазақстандықтардың қаражатын криптовалютаға тартқан Eolus жоғары технологиялық қаржы пирамидасын жойды. Оған Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Көкшетау, Жетісу, Түркістан облыстарынан 2,5 мыңға жуық салымшы тартылды.

Соттың шешімімен қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ұрланған қаражат агенттіктің арнайы шотына аударылды. Енді оны жәбірленушілерге таратып береді.

Еске сала кетсек, қаржы жинаумен айналысатын кез келген компанияны Baiqa, piramida! атты Telegram боты (https://t.me/BAIQApiramidaBOT) арқылы тексеруге болады. Бұдан бөлек, агенттіктің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/activities/48291?lang=kk&parentId=48274) қаржылық пирамидалар мен олардың қызметінің белгілері бар жобалар тізімі жарияланады.