Қазына

Халықтың қолөнерге деген сұранысы артты – дизайнер

Ұлттық киімге, ұлттық нақышқа деген көзқарас оң жағына өзгеріп жатыр

Биыл Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек» деген болатын. Оның айтуынша, кейбір ірі компаниялар мен оқу орындары ұлттық нақышта киіну үрдісін енгізіп жатыр. Бұл – өте орынды бастама, оны қолдап, ауқымын кеңейте түскен жөн. Осыған байланысты Halyq Uni тілшісі этно шапандарды тігумен айналысатын қазақстандық дизайнер Бақыт Нұратдинованың ойын білген, деп хабарлады bai-bol.kz.

Айтуынша, қазақстандық дизайнерлер киімді бағалау кезінде шығындарын ескереді.

Сондай-ақ ол күнделікті киюге болатын шапандарға мән беретінін айтады. Сол себепті ұлттық киім бір тойдан кейін киілмей қалмауы керек деп санайды.

Айта кетсек, бұған дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев ұлттық киімді ұлықтау мақсатында «Ұлттық киім» күнін бекітуді ұсынған болатын. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен халыққа қызмет көрсететін орталық қызметкерлерінің киімдеріне қазақи айдентика элементтерін қосу керектігін айтты.