Әмиян

Әлемдегі ең бай 5 отбасының тізімі жарияланды

Былтыр 25 отбасы өз активіне 1,5 триллион доллар қосып, табысын еселеген

Bloomberg агенттігі әлемдегі ең бай отбасылардың тізімін жариялады.

Агенттік мәліметінше, ең бай отбасылардың рейтингінде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Әбу-Даби шейхтері мен әмірлерінің билеуші әулеті Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян көш бастап тұр. Олардың байлығы 305 миллиард доллар деп бағаланған.

Екінші орында – Walmart дүкендер желісінің негізін қалаушы Сэм Уолтонның отбасы (259,7 миллиард доллар), үшінші орында – Hermes сәнді брендінің қожайыны Эрмесовтар отбасы (150,9 миллиард доллар).

Сондай-ақ әлемдегі ең бай 5 отбасы қатарына 141,9 миллиард доллар байлығымен Mars компанияларына иелік етуші отбасы және Қатардағы 133 миллиард доллар байлығы бар шейхтер мен әмірлердің билеуші әулеті Әл-Тани да жатады.

Bloomberg агенттігі былтыр әлемдегі ең бай 25 отбасы өз активіне 1,5 триллион доллар қосып, байлығын еселегенін, бұл көрсеткіш 2022 жылғы ең бай отбасылардың байлығынан 43% жоғары екенін атап өтті.

Айта кетсек, Walmart желілерінің қожайыны мен Қатар шейхтері мен әмірлерінің билеуші әулеті бұл рейтингке алғаш рет ілініп отыр.