Бұқара

БҚО тұрғындары Капустин Яр полигоны аумағынан шөп шаба бастады

Қысқы маусымға 188 мың тонна жем-шөп жиналуы қажет

Батыс Қазақстан облысы Бөкей орда ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов өңірде ауыл шаруашылығы саласында мәселелер бар екенін жеткізді. Оның айтуынша, оның бірі – киік болса, екіншісі – биыл шөп шабу деңгейінің төмендігі.

Әкімнің айтуынша, жергілікті тұрғындар мен шаруа қожалықтарына көмек ретінде Капустин Яр полигонының жерлері шөп шабу кезінде уақытша пайдалануға беріледі.

Оның айтуынша, қысқы маусымға 188 мың тонна жем-шөп жиналуы қажет. Шөп жинаумен 193 шаруа қожалығы айналысып жатыр. Аудан бойынша жоспардың 21 пайызы орындалған.

Сондай-ақ биыл жыл басынан бері облыстағы шаруа қожалықтарына 287 миллион теңге субсидия төленген.