Бұқара

KeshYou мен Snoop Dogg-тың бейнебаяны Махі шайдың жарнамасы болып кеткен - көрермен пікірі

Енді Шымкент сырасын клипке түсіру қалды, - дейді біреуі

Қазақстандық әншілер тобы KeshYou мен Snoop Dogg-тың бірлескен бейнебаяны жарыққа шықты. Олар YouTube платформасына Forever Sunday атты әнді жүктеді. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қазір сол хиттің түк ұнамағанын жарыса жазып жатыр. 

«Сөздері түсініксіз екен», «Продюсерге атақ, әншіге ақша керек болды», «Махі шайдың жарнамасы болып кеткен», «Енді Шымкент сырасын клипке түсіру қалды» деп жазып жатыр көрермендері.