Бұқара

Мамыр айынан бастап 17 мыңға жуық адам баспана кезегінен шығарылды

Қазір тағы 34 мыңын шығару туралы шешім қабылданған

Биылғы мамыр айынан бастап 17 мыңға жуық қазақстандық баспана кезегінен шығарылды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 650 мың қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр, оның 255 мың 140-ы – халықтың әлеуметтік осал топтары.

«Түгендеу» – жылжымайтын мүлік объектілерінің нақты орналасқан жерін, олардың мақсатын, өлшемін, ауданын, нақты пайдаланылуын, құрамын және техникалық жағдайын анықтауды тексеру және анықтау.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін әкімдіктер жалпы саны 32 931 азаматты кезектен шығару туралы қаулы қабылдаған.

Кезекте тұрғандар арасындағы сәйкессіздіктердің ең көп саны мына себептер бойынша анықталды:

  • кезекте тұрған адамның және оның отбасы мүшелерінің тұрғын үй жылжымайтын мүлкі болса;
  • кезекте тұрған адамның отбасы мүшелері туралы деректердің сәйкес келмеуі;
  • әлеуметтік жағдайының сәйкес келмеуі (толық емес отбасы, 1 және 2 топтағы мүгедектер және т.б.);
  • мемлекеттік қызметші мәртебесінің сәйкес келмеуі (АЖ-де ekyzmet болмауы).

Мамыр айынан бастап министрлік kezekte.kz ақпараттық жүйесін әзірлеушілермен бірлесіп, сәйкессіздіктер анықталған кезекте тұрғандарды жеке деректерін жаңарту қажеттілігі туралы SMS хабарлама арқылы хабардар ету туралы шешім қабылдады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтар тұрғылықты жері бойынша әкімдіктерге мәліметтерді жаңарту үшін белсенді түрде келе бастады. Қазір 34 мың азаматты кезектен шығару туралы шешім қабылданды. Мамыр айынан бүгінге дейін 17 мың азамат кезектен шығарылған.