Әмиян

Париж Олимпиадасы: чемпион Сметовтің қанша гонорар алатыны белгілі болды

27 шілдеде ол олимпиаданың алтын жүлдесін жеңіп алған-ды

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметовтің Париж Олимпиадасынан алтын алғаны үшін қанша гонорарға ие болатыны белгілі болды.

Заңнамаға сәйкес, қазақстандық Олимпиада чемпионы 250 мың доллар (118 миллион теңгеден асады) алады.

Сонымен қатар күміс жүлдегерлер 150 мың доллар (71 миллион теңге), қола жүлдегерлер 75 мың доллар (35 миллион теңгеден асады) иеленеді.

Ал 4, 5 және 6-орынға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.

Айта кетейік, 27 шілдеде 31 жастағы қазақстандық Париж олимпиадасының финалдық белдесуінде француз дзюдошысы Лука Мхеидземен (60 келіге дейінгі салмақта) кездесті. Жекпе-жек аяқталуға бір минут қалғанда Елдос ваза-ари жасап, алтын жүлдегер атанды. Оны бірден президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.