Табыс

Тамызда елімізге ресейлік астықты кіргізуге тыйым салынбақ

Мұндағы негізгі мақсат – отандық өнім өндірушілерді қолдау

Агроөнеркәсіп кешені бойынша ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында ресейлік астық импортын шектеу мәселесі қаралды.

Комиссия уақытша шектеуді 6 айға енгізуге шешім қабылдады.

Оның айтуынша, шектеу енгізудің негізгі мақсаты – отандық өнім өндірушілерді қолдау. Сонда арзан ресейлік астық қазақстандық бидайды ішкі және сыртқы нарықта сатуға кедергі жасамайды.

Бұдан бөлек, комиссия отырысында экспортқа баж салығын енгізу мәселесі де қаралды.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанда ресейлік астықты әкелуге тек ұн тартушылар мен құс өсірушілерге рұқсат берілген. Ал толық шектеу енгізілсе, олар да көрші елдің өнімін ала алмайды.