Бұқара

Алматы базарларында саудагерлерді бопсалаған «рэкеттер» ұсталды

31-36 жас аралығындағы жігіттер екен

Алматы облысы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері қала базарларында рэкет болып жүрген жігіттерді ұстады.

Полицияның мәліметінше, 27 мамырда облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне Алматы қаласы мен облыстың базарларында қылмыстық топтың кәсіпкерлерден «патронаждық» үшін ақша бопсалағаны туралы ақпарат түскен. Нақты айтқанда, полицияға Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны хабарласып, 13 мамырда Қарасай ауданында бір топ адам күш қолданып, жалпы сомасы 3,5 миллион теңгесін алып кеткенін хабарлаған.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.