Ресейге өтпеген пиязды Әзербайжан мен Грузияға экспорттаймыз
Жамбыл облысында 450 шаруашылық иесі 138 мың тонна пиязын шірітіп алған
Еліміз Әзербайжан мен Грузияға пияз экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында 450 шаруашылық иесі 138 мың тонна пиязын қайда өткізерін білмей, мемлекеттен көмек сұраған болатын. Олардың пиязы көбіне Ресейге экспортталып келген. Бірақ былтыр солтүстіктегі көршінің өзінде пияз бітік шығып, сұраныс күрт төмендеп кетті. Соның салдарынан Жамбыл облысында жиналған пияздың 60%-ы экспортқа шығарылмай, өңірдегі көкөніс сақтайтын 100-ден аса қойманың тоңазытқышы жоқ әрі тозығы жеткен тең жартысында текке жатып, шіри бастаған. Оны жергілікті шаруалар қоқысқа шығарып, кейбірін тұрғындарға тегін таратты.
Жалғыз-ақ өңірдің 138 мың тонна пиязын босқа шірітіп алып, республика бойынша жиналатын өнімнің айналдырған 160 мың тоннасын екі елге жөнелткелі отырғанымызды мемлекеттік деңгейде сүйіншілеу ыңғайсыз сияқты...