Сөре

8 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді

Нарыққа 160 мың тоннадан аса көкөніс өнімі жеткізілді

2016 жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді. Сонымен бірге дефляцияның орташа индексі 99,8% болды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Бағаның маусымдық ауытқуын болдырмау үшін қабылданған шаралар:

  • Нарыққа 160 мың тоннадан аса көкөніс өнімі жеткізілді;
  • Салалық қауымдастықпен жұмыртқа бағасын белгілеу туралы келісімге қол қойылды;
  • Отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін күнбағыс тұқымын әкетуге экспорттық кедендік баж енгізілді.

Бағаның негізсіз өсуін болдырмау мақсатында мемлекеттік бақылау күшейтілді. Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі пилоттық режимде жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, жыл басынан бері көптеген заң бұзушылық анықталды.

  • 16,3 млн теңге сомасына сауда заңнамасын бұзу бойынша 2 357 әкімшілік іс қозғалды;
  • сауда үстемесін асыра пайдалану туралы 1 946 қаулы шығарылды.