Сөре

Алматыда кәсіпкер LEGO брендінің атынан қауіпті ойыншық сатқан

4 млн теңгеден астам сомаға 3 145 контрафактілік өнім тәркіленді

Алматыда кәсіпкер LEGO тауар белгісін заңсыз пайдаланып, контрафактілік өнім сатқан.

Lego Juris A/S компаниясы өкілінің өтініші бойынша, Алматыдағы көтерме сауда базарларының біріндегі кәсіпкердің дүкенінде жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында кәсіпкердің балаларға арналған ойыншықтарға LEGO тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны анықталды.

Қазір кінәліні әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша іс жүргізу шаралары қабылданып жатыр. Істің материалдары күдіктіні одан әрі жауапқа тарту үшін сотқа жіберіледі.