Бұқара

Алматыда алаяқ үлескерлерден 290 млн теңгені алдап алған

Ол 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды

Алматыда 34 үлескерді сан соқтырып, 290 миллион теңге жымқырған алаяқ қолға түсті. Ол 2022 жылы әлеуметтік платформаларда құрылысқа рұқсаты болмаған тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталғаны туралы жарнама жариялап, бірнеше үлескерді құрығына түсірген. Айласын асырған алаяқтың қылмысы әшкере болып, темір торға тоғытылды.