Өзіміздің өнім

Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің орны ауысады

Жаңа орын туралы қосымша хабарланады

Астанада Б. Соқпақбаев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетін жерінің өзгеруіне байланысты жабылады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Жуырда елорда мен өңірлердің тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Астанада өз жұмысын қайта бастады. Алайда өтетін орны өзгереді. Жаңа орын туралы қосымша хабарланады.

Еске сала кетсек, 29 маусымнан бастап Астанада Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойында күн сайын жаңа ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. «Рио-де-Жанейро» ТК-ге (Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23) қарама-қарсы орналасқан жаңа жәрмеңке келушілер үшін күн сайын сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.