Бұқара

Биыл астаналық 236 мыңнан астам кәсіпкер декларация тапсыруы керек

165 404 жеке тұлғалар әлі тапсырған жоқ

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Астанада тіркелген 236 мыңнан астам кәсіпкер мен олардың жұбайларында жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі аясында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындайды, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Оның ішінде 70 597 (немесе 30%) адам декларация тапсырды, 165 404 (немесе 70%) жеке тұлғалар әлі тапсырған жоқ.

Осы кезеңде активтерді декларациялау жөніндегі міндеттеме заңды тұлғалардың басшыларында, құрылтайшыларында (қатысушыларында), дара кәсіпкерлерде және олардың жұбайларында, оның ішінде әрекетсіз салық төлеушілерде және қызметін тоқтатқандарда туындайды.

Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары активтері мен міндеттемелері туралы декларация (120 681 ЖТ) табыс етті, оның ішінде 3 246 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.