Бұқара

15 күнде 18 тойдан қалған Қайрат Нұртас жаңа кәсіптің ашылуына қатысты

Өнер иесінің келетінін білген халық бірден көрсетілген мекенжайға бет алған

15 тәулік қамаудан босаған әнші Қайрат Нұртас Астанадағы жаңа кәсіптің ашылуында төбе көрсетті.

Өнер иесінің келетінін білген халық бірден көрсетілген мекенжайға бет алған. Оны сағынған жанкүйерлері бірден қоршап алды. Ығы-жығы халықтан әнші сахнаға әрең көтерілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін әншінің продюсері келеңсіз жағдайға байланысты жоспарларының күл-талқаны шыққанын айтқан еді.