Әмиян

Маңғыстау облысында директор мұғалімдерден заңсыз түрде ақша жинап келген

Сондай-ақ ол қарамағындағыларды өзіне салынған айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының прокуратурасы №3 арнайы мектепті тексеру нәтижелері бойынша мекеме басшылығы тарапынан бірқатар заң бұзушылықты анықтады.

Атап айтқанда, мектеп басшылығы ай сайын Kaspi bank және Halyk bank мобильді қосымшалары арқылы қарамағындағы қызметкерлерден ақшаны заңсыз жинаған.

Бұдан басқа, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйақылар есептеу негізінде ақшаны заңсыз аудару фактілері анықталды.

Сондай-ақ мектеп директоры қарамағындағыларды өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген.

Аталған арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.