Табыс

Қазақстандық ғалымдар омарта шаруашылығына арналған бірегей жүйе әзірледі

Бұл – омарташыларға арналған практикалық құралдарды ұсынатын жан-жақты шешім

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» ғалымдары омарта шаруашылығы саласында селекциялық, асыл тұқымды және ғылыми жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік беретін Apislab атты бірегей жүйе әзірледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл жүйе apislab science, apislab apiary және apislab mobile атты 3 негізгі қосымшаны қамтиды.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, жүйе академиялық зерттеулерде де, ара шаруашылығының коммерциялық саласында да қолданылады. Бұл – ғалымдарға арналған соңғы ғылыми және омарташыларға арналған практикалық құралдарды ұсынатын жан-жақты шешім.

Үш қосымшаны біріктіру омарта шаруашылығын тиімді басқаруға және басқару, есепке алу және бақылау процестерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.