Бұқара

Жахан Отарғалиев халықтан жинаған 44,5 млн теңгеге үй алды (ВИДЕО)

Осынша қаржыны олар 3-ақ күнде жинаған

Актер Жахан Отарғалиев блогерлермен бірігіп, үш күннің ішінде халықтан 44,5 миллион теңге жинап, үй алды.

Ол Instagram-ға сол туралы видео жариялап, сүйінші сұрап, халыққа алғысын айтты.

Айта кетсек, Жахан Отарғалиев қазір мұқтаж жандарға баспана сыйлау бойынша қайырымдылық шараларын ұйымдастырумен айналысып жүр.