Бұқара

Жұмысында дертке шалдыққан ақтөбелік азамат басшылықтан 17 млн теңге өндіріп алды

Жұмысшының еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 89% болды

Ақтөбе қалалық сотында жұмысшының жұмыс берушіден моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жұмысшы зауытта 25 жылдан аса уақыт еңбек еткен. Тараптар арасында еңбек шарты бұзылған.

Өндірісте зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген адам кәсіптік ауруға шалдығып, толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндігінен айырылған. 2021 жылы талап қоюшыда онкологиялық ауру анықталып, Санкт-Петербург қаласында ақылы ота жасалып, бір өкпесінен айырылыпты. Салдарынан оған 2-топтағы мүгедектік белгіленді.

Жұмысшы кәсіптік ауруға шалдыққанда жұмыс берушінің 100% кінәсі анықталған. Жұмысшының еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 89% болды.

Ақтөбе қалалық сотының шешімімен жұмыс берушіден талап қоюшының пайдасына 17 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді.