Биыл Қазақстан мүддесіне 195 млрд теңге пайда өтелді - Антикор
Әшкереленген 592 адамның 107-сі – әртүрлі деңгейдегі басшылар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Айта кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу жұмыстары аясында биыл 113 талдау мен мониторинг жүргізілген.
Жыл басынан бері 876 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Оның едәуір бөлігі – парақорлық, жымқыру және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану.
Әшкереленген 592 адамның 107-сі – әртүрлі деңгейдегі басшылар. Жалпы, 329 адам сотталды.
Агенттік мәліметінше, биыл Қазақстан мүддесіне 195 млрд теңге пайда өтелді. Ал 2,5 жыл ішінде Қазақстан халқына 1,07 трлн теңге қайтарылған.
БҰҰ жанындағы GlobE, Эгмонт, CARIN және ARIN тобымен белсенді ынтымақтастықтың арқасында агенттік шетелдік серіктестермен ақпарат алмасуды айтарлықтай жеделдетті.