Сауда-саттық: тұтынушылардың 777 млн теңгесі қайтарып берілді
10 мың адамның құқығы қорғалған
Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті жарты жылда тұрғындарға 777 млн теңгеден аса қаражатты қайтарып берген.
Қайтарылған жалпы сома – 777,1 млн теңге. 10 мың тұтынушының құқығы қорғалды.
Қайтару сомасы 5 млн теңгеден басталатын ірі істер – 18. Соның аясында 112 млн теңге қайтарылды.
Қаражатты қайтару (кемінде 5 млн теңге): 34 тұтынушыға – 437,6 млн теңге.
Өңірлер бойынша қайтару мысалдары:
Алматы: 7 тұтынушы, 122,1 млн теңге;
Ақтөбе облысы: 34 тұтынушы, 60,4 млн теңге;
Астана: 28 тұтынушы, 5,3 млн теңге;
Маңғыстау облысы: 5 тұтынушы, 2,5 млн теңге;
Шымкент: 5 тұтынушы, 1,5 млн теңге;
Батыс Қазақстан облысы: 15 тұтынушы, әрқайсысына 100 мың теңгеден моральдық зиян өтелді;
Шымкент: 11 тұтынушының әрқайсысына – 165 мың теңгеден.