Бұқара

Бурабайда демалу қымбат, қызмет көрсету сапасы төмен - туристер пікірі

Бағаны кәсіпкерлердің өздері қояды, оларға еш шектеу жоқ

Қазақстанда Бурабай курорттық аймағында демалу құны 15 пайыз көтерілген. Бағасына қарамастан көрікті мекенге жыл сайын 1 миллионнан астам турист келеді. Осыған орай депутаттар Бурабайдағы бизнеске дереу тексеріс жүргізуді ұсынды. Бұл туралы 31 арна хабарлады. 

Туристердің айтуынша, бағасы шарықтаған туристік орында бүркітпен суретке түсу үшін 2 мың теңге, тумен фотоға түсуге 5 мың теңге төлейсіз. Ал қайықпен жүзіп келу үшін 6 мың теңге керек. Демалыс орындары мен тамақтардың құны тіптен қымбат. 

Келген туристер баға мен қызмет көрсету сапасы бір-біріне сай келмейді деседі. Пайда табуды ойлайтын кәсіпкерлер көп дүниеге көңіл бөлмейді екен.

Ал облыстық туризм басқармасының басшысы кәсіпкерлер бағаны өздері қояды, шектеу жоқ деп отыр. Шенеуніктер тек түсіндіру жұмысын ғана жүргізе алады екен.