Елімізде темекі 15 шілдеден бастап тағы қымбаттайды
Қазір темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы – 770 теңге
Қаржы министрлігі 15 шілдеден бастап темекінің ең төменгі бағасы 820 теңгеге өсетінін мәлімдеді.
Қазір темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы – 770 теңге. Қаржы министрлігі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкасы былтырғымен салыстырғанда, 12,8% өскенін атап өтті.