Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі күнде өтеді
Сондай-ақ демалыс күндері арнайы жәрмеңке жұмыс істейді
29 маусымнан бастап Астанада Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойында күн сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігі.
«Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешеніне (Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23) қарама-қарсы орналасқан жаңа жәрмеңке күн сайын сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Оған келушілер жергілікті тұрғындардан, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл және Ақмола облыстарынан келген тауар өндірушілерден көкөністер мен жемістер, сапалы ет, ұн өнімдерін және басқа да көптеген ауыл шаруашылығы өнімін сатып ала алады.
Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жәрмеңкенің жанынан №49, 73 автобус маршруттары өтеді.
Айта кетсек, елордада демалыс күндері де арнайы жәрмеңке жұмыс істейді. Ол Сарыарқа ауданындағы Б. Соқпақпаев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан. Бұл жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.