Билік

Бюджет тапшылығы: Үкіметке жаңа қаржы көзін табу керектігі ескертілді

Бюджетке 9,5 трлн теңге салық түспеген

Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов премьер-министр Олжас Бектеновке елімізде бюджет тапшылығы болу қаупі жоғары екенін айтып, орынсыз шығындарды қысқартуды ұсынды.

Сондықтан ол жаңа қаржы көзін табу керек деген пікірде.

Сондай-ақ ол салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттырып, олардың санын оңтайландыру қажет деген ұстанымда.

Оның айтуынша, қазір кейбір салықтық жеңілдіктер тиімділіктерін көрсетпей жатыр. Кәсіпкерлер жеңілдік алса да, өнімнің бағасын түсірмей қойған.

Ол осы айтылғандарды негізге ала отырып, мына мәселелерді қарастыруды ұсынды:

  • Салықтық жеңілдіктерге толық ревизия жасап, шетелдік тәжірибиені қарап, алдымен 30%-дан астамын, яғни 150-ге жуық түрін қасқарту;
  • Ұлттық қордан қайта-қайта қомақты қаржы алмау үшін жиналған қаржыны тиімді басқару процесін жетілдіріп, квазисектордың таза пайдасын 100% бюджетке беру;
  • Ұлттық компаниялардың, әсіресе «Самұрық-Қазына» қорындағы тендерлерді бірыңғай мемлекеттік сатып алу жүйесіне көшіріп, мемлекеттік сатып алу заңының қолданылу аясына ауыстыру қажет.