Табыс

6 млн текше метрі жанып кеткен: Абай облысында өртенген ағаш өңделеді

Жалын шарпыған орман ағаштарының 80 пайызы – отындық ағаш

Абай облысында өртенген ағашты өңдейтін зауыт салынады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.

Ведомство басшысы алдымен өңірде болған орман өртінің салдарын жою бойынша қандай жұмыстар атқарылғанына тоқталды.

Алдын ала деректер бойынша, Абай облысында ормандағы өрттен шамамен 6 млн текше метр ағаш жанып кеткен. Резерватта бар техника мен жабдықтар, адам күші осындай көлемдегі жұмысты істеуге есептелмеген. Сондықтан арнайы техника мен жабдықтарды сатып алу керек.