«Жайлы мектеп» жобасына бөлінген 2,3 трлн теңгенің игерілуі тексеріліп жатыр
Елімізде 37 апатты мектеп және 3 ауысымды 142 мектеп бар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың төрағалық етуімен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңесте Антикор басшылығы уәкілетті органдардың өкілдерімен және басқа да мүдделі адамдармен бірлесіп, жобаны іске асыру кезінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелерін қарады.
«Жайлы мектеп» жобасы – ел дамуының басым бағыттарының бірі. Бүгінде елімізде 37 апатты мектеп және 3 ауысымды 142 мектеп бар. Жобаны іске асыру аясында 2,3 трлн теңгені игеру және 2025 жылға қарай 800 мың оқушы орнын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы Жолдауында:
Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін жұмыстағы маңызды басымдық бүкіл ел бойынша жайлы мектептер құрылысы барысын мониторингтеу және бақылау болады.
Кеңес қорытындысында жемқорлық құқықбұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларды уақтылы және сапалы салу мақсатында жауапты органдар мен Samruk-Kazyna Construction АҚ ұлттық жобаны іске асыру бойынша өзара іс-қимыл алгоритмін әзірледі.