Өзіміздің өнім

Құрғақ шұбатты Қытайға экспорттап жатырмыз

Бұл – қазақстандық өндірушілер үшін үлкен жетістік

Түйенің құрғақ сүтінен жасалған Saubota өнімінің бірінші партиясы жөнелтілді. Олар алдымен Ланжоу провинциясына, сосын Бейжің қаласына экспортталады.

Бұл ретте EURASIA INVEST LTD зауыты Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ҚХР Бас кеден басқармасының импорттаушылар тізіліміне енгізілген. Бұл – қазақстандық өндірушілер үшін үлкен жетістік. Өйткені ҚХР нарығы біздің сапалы өнім өндірушілер үшін күрделі, бірақ, өте перспективалы және ауқымды нарықтардың бірі саналады.

Жалпы, қазір EURASIA INVEST LTD компанияның жоспарында ҚХР-дың тағы да 4 провинциясы бар.