Қазақы жылқы тұқымын көбейтушілерге 701 млн теңге субсидия беріледі
Заң ұлттық ат спорты түрлерін дамытуға, қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін насихаттауға септігін тигізеді
Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды мақұлдады.
Бұл заң қазақы жылқы тұқымының тектік қорын сақтау, сондай-ақ оның асыл тұқымдық қасиеттерін жақсарту, мал басын ұлғайту үшін селекциялық асылдандыруды көздейді.
Заңға енгізілген түзетулерде қазақы жылқы тұқымын сақтау және көбейтуге төмендегідей субсидия көзделген:
- Отандық мініс-жегін жылқыларын өсіретін орталықтарға шетелдік селекцияның спорттық бағытындағы асыл тұқымды айғырларын сатып алуға;
- Асыл тұқымды аналық мал басымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге;
- Оларды ұстау бойынша шығындарды өтеуге.
Ернұр Әйткенов қазақы жылқы тұқымын сақтап, көбейтуге 701 млн теңге бөлінетінін де атап өтті.
Дауыс беру нәтижесінде сенаторлар заңды мақұлдады.