Билік

Денсаулық сақтау министрі медициналық ұйымдарды тығырыққа тіреді

400-ден астамының 82 млрд теңге созылмалы несиелік берешегі бар

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жаңа жұмысына кірісе сала, алдындағы құжаттарға ден қою «піссімілләсін» бұрынғы былық-шылықпен күресуден бастады.

Ол ведомство бойынша 400-ден астам медициналық ұйымның банктерге 82 млрд теңге созылмалы несиелік берешегі бар екенін байқаған. Енді осынша қарыздың қайдан пайда болғанын анықтап жатыр.

Министрдің айтуынша, бірінші жартыжылдықта босатылған қаражатты басым бағыттарға қайта бөле отырып, емдеу-диагностикалық үдерістерін оңтайландыру жүргізілмек. Бұл ретте медициналық көмектің көлемін, шығыстарды және тарифтік саясатты жоспарлаудың бірқатар мемлекеттік функциясын Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына қайтару жоспарланған.