Табыс

2030 жылға қарай 1 млн-нан аса отбасы жаңа баспанамен қамтамасыз етіледі

5 жылда 78,5 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілген

2030 жылға қарай қаржыландырудың барлық көзі есебінен 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу және 1 миллионнан астам отбасын жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Үкіметтің биылғы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, тұрғын үй құрылысының көлемі 15,5 шаршы метрден 18 млн шаршы метрге дейін ұлғайған.

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 339 млрд теңгеге 22 мыңнан аса арендалық пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, әкімдіктер 110 млрд теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы 10 мың несиелік пәтер салады.

Еліміздегі жалпы тұрғын үй құрылысын алсақ, соңғы 5 жылда 12 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, 78,5 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілген. Осылайша, барлық қаржыландыру көзі есебінен 695 мың отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты.