Киіз үйді Түркияға жөнелткеннен кейін өзімізде де сұраныс артқан
Ою-өрнектері арнайы тапсырыспен матаға басылады
Түркияда жер сілкінісінен жапа шеккендерге Қазақстаннан жіберілген киіз үйлердің біразы Жетісу облысы Көксу ауданының Мұқыр ауылында жасалған. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.
Киіз үй жасап жатқан ол өндіріс орнында 30 адам жұмыс істейді екен. Темірден түйін түйген шеберлер күніне 3 үй құрастырады. Уығын иіп, керегесін дәнекерлеп, жабындыларын да тігеді. Бұл ретте шаңырақ пен керегені дәнекерлеп, уығын ию – Азат Бағдаттың міндеті. Темір ұстасы күніне бір үйдің бөлшектерін дайындайды.
Ал жабындыларына киізбен қатар мақта және су өткізбейтін брезент қолданылады екен. Ою-өрнектері арнайы тапсырыспен матаға басылады.
Өндіріс орны 8 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Түркияға ондағы шеберлердің қолынан шыққан 34 киіз үй жіберілген болатын. Заман талабына сай бейімделген тауарға әлі де тапсырыс көп түсіп жатыр.