АШМ биенің құрғақ сүтін БАӘ-мен қатар Қытайға да экспорттамақ
Оны қазақ халқының ұлттық брендіне айналдыруға мүмкіндік бар
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров алдағы уақытта биенің құрғақ сүті Қытайға экспортталуы мүмкін екенін айтты.
Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Аманжол Әлтай елімізде биенің сүтін терең өңдейтін зауыт салу мәселесін көтерді.
Ауыл шаруашылығы министрі мұндай проблеманың бар екенін мойындады.
Сондай-ақ ол алдағы уақытта биенің құрғақ сүті Қытайға сатылуы мүмкін екенін айтты.