Биылғы күнкөріске қосылған қаржы көлемін білесіз бе?
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге
Биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойған болатын. Соған сәйкес, қазір әлеуметтің әмиянына не түскенін былтырғы көрсеткішпен салыстырмалы түрде оқырман есіне сала кеткенді жөн көрдік.
Сонымен, 2024 жылы:
Ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге;
Айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге болып отыр.
Ал 2023 жылы:
Ең төменгі жалақы мөлшері – 70 мың теңге;
Айлық есептік көрсеткіш – 3 450 теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге;
Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 53 076 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге болған-ды.
«Тиыннан теңге құрау» деген мұндай болмайтынын білсе де қазір қараша халықты қаржымен қамтамасыз етуге мемлекеттің мүмкіндігі жетпей жатыр.