Айдар Тұрғанбек өзінің қыз ұзатып, нәпақа тауып жүргенін ерсі санамайды
Қазақта жігіттер қыз ұзатпаған. Қызды жеңгелері ұзатады. Бұл – дәстүрге қайшы, - деді Жан Ахмадиев
Атышулы рэпер Жан Ахмадиев қыз ұзатып жүрген жігіттерге ренішін білдіріп, оларды намыссыздар санатына жатқызатынын айтты. Ал оған қарсы әнші Айдар Тұрғанбек жауап берді.
Жалпы, қазір қазақтың әнші, әртістерінің сахнадан гөрі тойда жүретіні рас. Той-бизнесті табыс көзіне айналдырып, тұрақты жұмыс етіп алғандар көп. Сұранысқа сай ән жаздырып алып жүр. Бірі ән айтады, өнер көрсетеді, енді бірі қыз ұзатып, сыңсу айтады. Олардың қатарында Жазира Байырбекова, Қарақат Әбілдина, Мәдина Сәдуақасова, Алтынай Жорабаева және басқалар бар.
Әйелдер ғана емес, қазір сол қыз ұзатуға жігіттер де шыға бастаған. Мәселен, «Жігіттер» тобының мүшесі Айдар Тұрғанбек соңғы кезде осы істі қолға алған. Алғаш бұған сын айтып, қарсы шығушылар көп еді, алайда Айдардың өзі бұдан еш әбестік көрмейді.
Ал әнші Айдар Тұрғанбектің оған қарсы өз уәжі бар.