Әмиян

ІІМ, ҰҚК күшімен заң бұзған 300-ден аса лото клуб жабылды

Барлық өңірден жиналған 6 млрд теңгенің шамамен 70%-ы шетелге шығарылған

Ресми дерекке сәйкес, Қазақстанда құмар ойынға салынған 350 мыңдай адам бар екен. Олардың әрбірінің орташа қарызы – шамамен 10 млн теңге.

Ойынға ақша тігіп, тоқтай алмауы ерлі-зайыптының ажырасуына, құмар ойынға құныққандардың өзіне-өзі қол жұмсауына әкеп соғып жатыр. Сондықтан бүгінде бұл мәселе өзекті.

Биыл жыл басында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен лотерея клубтарының атымен жұмыс істейтін заңсыз онлайн-казинолардың ірі желісін жойған болатын. Бұл ең ауқымды бірлескен арнайы операцияны жүргізуге ІІМ мен ҰҚК-нің 3 мыңнан аса қызметкері жұмылдырылды.

Республика бойынша лото клубтарға 570 тінту жүргізілген. Нәтижесінде 23 атыс және травматикалық қару, 247 млн теңге, 55 млн рубль, 125 мың доллар, компьютерлік техника, мобильді құрылғылар, сондай-ақ басқа да дәлелдер тәркіленді.

Оның айтуынша, тергеуді ІІМ жүргізіп жатыр. Бүгінде Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалған. Күдіктілерге ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, оған басшылық етті және қатысты деген айыптар тағылды.