Билік

Назарбаевтың қызына тиесілі компания тендерден ұтқан 40,3 млрд теңгені игермеген

Тіпті, ол 80-нен аса сот тергеп-тексеруіне қатысқан

Экс-президенттің інісі, марқұм Болат Назарбаевтың қызы Ақбота Назарбаева шекара заставаларын салатын компанияны басқарып, ірі тендер алған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым айтты.

Сонымен қатар жүргізілетін жұмыстардың сапасына шағымдар түскен.

Әрине, бұл ретте аталған компанияның өз жұмысын тиісті деңгейде атқара алмай отырғаны байқалады.

Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті осы жобаның тапсырыс берушісі бола отырып, оған толық заңды негіздері болса да осы күнге дейін шартты бұзу жөнінде шешім қабылдамаған. 2022 жылғы 3 ақпанға дейін осы компанияның құрылтайшылар тізімінде марқұм Болат Назарбаевтың қызы Ақбота Назарбаева болған», - деді депутат.

Сондай-ақ ол шекара заставаларын салу Қазақстанның аумақтық қорғанысын қамтамасыз ету үшін маңызды екенін атап өтті.