АШМ бидай мен күріш алқабын қысқартып, 1,4 млрд м3 су үнемдемек
Ал қант қызылшасы алқабы 4 жылда 27 мың гектарға ұлғайтылуға тиіс
Елімізде 2028 жылға қарай бидай егістігі 855 мың гектарға қысқарады. Алайда өнімділікті арттыру шаралары қабылданса, жалпы өнім төмендемеуі керек. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті.
Министрдің айтуынша, алдағы 5 жылда қарақұмық сияқты әлеуметтік маңызы бар дақылдың егіс көлемін 50 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. 2028 жылға қарай майлы дақыл егілетін аумақты 3,7 миллион гектарға дейін ұлғайту қажет. Бұл ішкі нарық пен экспорт әлеуетін арттырады.
Сонымен қатар қант қызылшасының алқабы 4 жыл ішінде 27 мың гектарға ұлғайтылады. Осылайша, елді қантпен қамтамасыз ету деңгейі 6-дан 45%-ға дейін артады.