Қазір Қазақстанда өзбек ағайынның кәсібі жақсы жүріп тұр
Елімізде тіркелген өзбекстандық компаниялар үздік үштіктен Қытайды ығыстырды
Елімізде өзбекстандық кәсіпкерлердің бизнесі қарқынды дамып жатыр, деп хабарлады Telegram-дағы Data Hub арнасы.
Биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда 4 595 өзбекстандық кәсіпкер ретінде тіркелген. Бұл – жыл басындағы көрсеткіштен 706 адамға, яғни 18% артық.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл деректі 2023 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда, Өзбекстанның Қазақстандағы кәсіпкерлікпен айналасатын ұйымдарының саны 0,5 есе өскен.
Биыл елімізде тіркелген өзбекстандық компаниялар жалпы саны бойынша үздік үштіктен Қытайды ығыстырды (2024 жылғы 1 қаңтардан бері +204 ұйым). Тізім басында Ресей мен Түркия тұр. Ал Өзбекстан үздік үштікке 1 ақпанда енген.
Өзбекстандық кәсіпорындарға тоқталсақ:
- Олардың басым бөлігі шағын бизнеске жатады;
- Әрбір үшінші ұйым сауда-саттықпен айналысады;
- Барлық тіркелген компаниялардың 79%-ы жұмыс істейді.